Ағымдағы жылдың 17 сәуірде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Г.С.Турсунбаевтың төрағалығымен үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықты дамыту. Өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында Әлеуметтік қызметтер порталындағы жұмысқа қатысты проблемалық мәселелер, тауар жеткізушілер тарапынан «Сұр схемалар» түріндегі жосықсыз бәсекелестіктің болуы, тауар сапасына қатысты мәселелер және басқа да өзекті сұрақтар көтерілді. Өткізілген кездесу нәтижесі бойынша осындай кездесулерді кемінде тоқсанына бір рет өткізу туралы, сондай-ақ барлық ұсыныстарды жинақтап, оларды жоғары тұрған органға жолдау туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1205347?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау