Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде және №9 мектеп-интернатында Ұлытау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты — кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, жастарды теріс пиғылды топтардың ықпалынан қорғау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Басқарма қызметкерлері оқушыларға қылмыстық және әкімшілік кодекстердегі баптарды түсіндіріп, өзін-өзі қорғау және қауіпті жағдайларда көмекке жүгіну тәртібін айтты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1205788?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау