«В» блогы негізгі лауазымы бос орнына байқау
өткізу туралы хабарлама
|
Бос лауазымдық орынды сипаттау атауы |
Бос лауазымдық орын бойынша ақпарат |
|
Мекеме |
«Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының» ММ |
|
Мемлекеттік мекеменің атауы, мекеменің мекен-жайы |
«Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
071300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Гагарин даңғылы 3, 2-қабат анықтама үшін телефон 8 (72336) 7-77-50, ridderdussh@mail.ru |
|
Бос лауазымдық орынның атауы |
0,5 бірлік гандбол (категория В2, В3)
|
|
Қысқаша лауазымдық міндетіне сипаттама |
Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында дене шынықтыру сауықтыру және бұқаралық – спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады; Жаттықтырушылар құрамы жұмыс бағытының үйлестігін, оқу жаттықтыру үрдістерін әдістемелік қамтамасыз ету және оқу топтарының сапалы іріктелуін қаматамасыз етеді; Оқу жаттықтыру және тәрбиелік үрдістерді үйлестіруді жүзеге асырады; Жаттықтырушы –ұстаздар жұмысының сапасына және оқу жоспарлары дайындығының және сапасының орындалуына бақылау жүргізеді; Мекеме басшыларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына дер кезінде және сапалы өндірістік-тіркеу және есеп құжаттарын ұсынуды және жүргізуді жүзеге асыру; Жаттықтырушы-ұстаздар құрамының біліктілігін жетілдіру, семинарлар мен спорт түрлері бойынша ашық сабақтарды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Мекемелерде қызметкерлердің денсаулықтарын нығайту және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында бұқаралық дене шынықтыру сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру. Дәрігерлік қарсы көрсетімі жоқ, спорттық және сауықтыру бағытындағы, дене шынықтыру және спортпен айналысқысы келетін тұлғаларды топқа қабылдауды жүзеге асырады, олармен оқу жаттықтыру сабақтарын жүргізеді; Спортпен шұғылданушыларға дене тәрбиесі тәжірибесі мен теориясы, салауатты өмір салты бойынша сұрақтарына кеңес береді; Спорттық іс –шараларды жүргізу әдістемесін жетілдіреді; Дене шынықтыру және спортқа арналған материалдық техникалық базаларды дамыту және нығайту бойынша іс шараларды ұйымдастыруға қатысады; Спорттық қызығушылық бойынша клубтардың, дене шынықтыру сауықтыру секцияларының жұмысын ұйымдастырады; Спорттық бұқаралық және дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарына есептемемен талдау жүргізеді; Дене шынықтыру және спортпен айналысушы тұлғаларды дәрігерлік бақылаумен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау мекемелерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс істейді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асырады; Алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибелерін зерттейді, жалпылдайды және енгізеді; Болуы мүмкін ауруларды алдын ала емдеу үшін әртүрлі нысандағы және дене шынықтыру әдістерін қолдану бойынша ұсыныстар мен әдістемелік материалдарды, демалу және еңбек тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дамытады; Еңбек қабілеттілігін қалпына келтіруге ықпал ететін, кешенді жаттығуларды дамытады. |
|
Лауазымдық қызметақысы |
– қызмет өткерген жылдарына байланысты 87211 теңгеден жоғары – заңнамаға сәйкес ынталандырушы және өтем ақы төлеу. |
|
Қызметтік (жұмыс) уақыты |
12-сағаттық жұмыс аптасы |
|
Біліміне талап |
– жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім) білім «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша немесе техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша |
|
Еңбек өтіліне біліктілік талаптары |
– жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім) білім «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және жұмыс өтілі бір жылдан кем емес. |
|
Біліміне, дағдысына, ептілігіне біліктілік талаптары |
Білімі: – «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы; – «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы; – «Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы» Заңы; – «Білім туралы» Заңы; – «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы; Басқарушылық дағдылары мен ептіліктері (құзыреттілігі) – қызметті жоспарлау және ресурстар мен болжау; – міндет қою және қарамағындағылардың жұмысын ұйымдастыру; – орындалуын бағалау және бақылау; – өкілеттілікті табыстау; – персоналды ынталандыру және дамыту; – басқарушылық шешімдер қабылдау; – өзгерістерді меңгеру; – ұжымдағы қолайлы ахуалды қолдау және қалыптастыру; – келіссөздер жүргізу дағдысы; – жұрт алдындағы сөз сөйлеу дағдысы; Тұлғалық қасиеті (құзыреттілігі) – ұйымдастырушылық қабілеттері; – жауапкершілік; – сабырлылық; – жаңалық енгізуге қабілеттілігі; – тіл тапқыштық; – нәтижеге көзделу; – жемқорлыққа төзімсіздік. |
|
Құжаттарды қабылдау мерзімі |
2026 жылдың 16 сәуірінен 29 сәуіріне дейін (қоса санағанда) Байқау 2026 жылдың 29 сәуіріне 15.00 –ге белгіленді. |
|
Құжаттар (бос лауазымдық орынға үміткерлер қандай құжаттар тапсырады) |
– байқауға қатысу туралы жеке өтініш; – қосымша фотосуретімен түйіндеме; – жеке куәлігінің көшірмесі немесе оны ауыстыратын құжат(тиісті құжат байқауға келген бойда көрсетіледі); – қажетті білімді, еңбек өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар, нотариалды немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған: а) еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі бар азаматтар үшін) немесе еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттар; б) білімі туралы құжаттардың көшірмесі, сондай-ақ қалауы бойынша қосымша білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттар;
Үміткерлер құжаттарды уақытында ұсынбау, оларды толық емес көлемде немесе рәсімдеу ережесін бұзумен ұсынған жағдайда, оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. |
|
Байланысатын тұлға |
Джангурчинова Әйгерім Сайлауқызы, кадр бойынша инспектор |
|
Байқау комиссиясының қарауына азаматтармен қолма-қол тәртіпте берілген, 2026 жылдың 29 сәуіріне дейін (қоса алғанда) пошта арқылы немесе электронды мекен-жайға электронды пошта арқылы жіберген құжаттар қабылданады (құжаттардың түпнұсқалары кемінде әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан бұрын кешіктірмей ұсынылады) Байқауға жіберілген үміткерлер, үміткерлердің байқауға жіберілгендігі туралы хабарланғаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде «Риддер қаласының БЖСМ» КММ-де байқаудан өтеді. Аталмыш лауазымдарға иеленген тұлғалар үшін көтерме ақы шығындары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді. |
|
Директордың м.а М.Т.Карабасова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1206318?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау