“Заң мен тәртіп” аясында құрылған заң клиникасында әлеуметтік қолдау бағыты бойынша құқықтық көмекке мұқтаж 5 азаматқа тегін құқықтық консультациялар берілді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері зерделеніп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты құқықтық түсіндірмелер ұсынылып, құқықтық бағалау жүргізілді.
Есептік кезеңде тіркелген өтініштер келесі құқық салаларына қатысты болды:
– азаматтық құқық – 3;
– әкімшілік құқық – 2.
Әрбір мәселе бойынша азаматтарға нақты құқықтық ұстаным айқындалып, әрі қарай әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206389?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау