ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ: БІРЛІК, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Саз» колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперті Н. Әбдікәрім, Дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Н. Аманкелді, Жастар ресурстық орталығы психология бөлімінің басшысы Ж. Сайдахан, Тұран ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауды қолдау бөлімінің бас инспекторы А. Зайнулаева, сондай-ақ Тұран ауданы мансап орталығы басшысының м.у.а. С. Журимбаева қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар тәжірибесі мен қоғамдық жұмыспен қамту мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, кереғар діни ағымдардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1206507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version