📚 Ашық аспан астындағы кітап фестивалі өтті
📍 Ақтөбеде Ұлттық кітап күніне орай «Астана» саябағында «Neo kitap: Жаңа буын. Жаңа көзқарас» атты кітап фестивалі өтті.
✨ Облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр.
📖 Ашық алаңда өткен фестиваль кітапсүйер қауымды бір ортаға жинап, оқырмандар аймағы мен кітап жәрмеңкесі арқылы келушілердің қызығушылығын арттырды.
🎤 Кеш барысында жас ақындар өлең оқып, әсем әуендер шырқалды. Сонымен қатар, ақтөбелік жас жазушы Әлихан Жақсылық «Сені іздедім» атты кітабының таныстырылымын өткізді.
🎯 Шараның басты мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру және рухани дамуға бағыттау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-energy/press/news/details/1206986?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау