Бүгін, сәуір айында жарияланған «Еңбекті қорғау айлығы» аясында өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу іс-шараларын жүргізу мақсатында Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Созақ ауданы Қаратау ауылдық округінде орналасқан «АҚБАСТАУ» бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамында жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тесеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы «АҚБАСТАУ» бірлескен кәсіпорны акционерлік қоғамының еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
– қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
– мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді,
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау