Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) 2026 жылы Қазақстанда 19–25 сәуір аралығында «Вакциналар нәтиже береді — әрбір ұрпақ үшін» ұранымен өтті. Бұл мерейтойлық, 20-шы науқан болды.
Иммундау — бұл ағзаны жұқпалы және кейбір жұқпалы емес аурулардан вакциналар (екпелер) арқылы қорғау үдерісі.Вакциналар ағзаға иммунитет қалыптастыруға көмектеседі, яғни ауруларды танып, олармен күресу қабілетін дамытады. Бұрын бүгінгі таңда екпе арқылы алдын алуға болатын көптеген аурулар «балалардың жауы» деп аталған, себебі олар ауыр асқынуларға, мүгедектікке және өлімге әкелген. Мұндай ауруларға полиомиелит, қызылша, В гепатиті, менингит және басқалары жатады. Иммундау өзінің тиімділігін дәлелдеді: мысалы, бір кездері аса қауіпті болған табиғи шешек ауруы вакциналардың арқасында толық жойылды.Иммундау ағзаның табиғи қорғанысын күшейтеді, жұқтырудың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі. Балалар екпе алып, қорғалған кезде, тек өздері ғана емес, бүкіл қоғам қауіпсіз болады — медициналық себептермен екпе ала алмайтын адамдарды да қорғайтын ұжымдық иммунитет қалыптасады.
Иммундау — өзіңізді, балаларыңызды және бүкіл қоғамды жұқпалы және кейбір жұқпалы емес аурулардан қорғаудың сенімді жолы. Вакциналардың арқасында әлемде миллиондаған адамдар қызылша, дифтерия, көкжөтел, полиомиелит, В гепатиті, менингит, пневмония және жатыр мойны обыры сияқты қауіпті аурулармен ауырмайды. Бұл нәтижелер вакцинацияның шынымен де тиімді екенін және адам өмірін сақтайтынын көрсетеді.
Алайда соңғы 2–3 жылда, әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да қызылша мен көкжөтел ауруларының өсуі байқалады. Қызылша жағдайларының 75%-дан астамы және көкжөтелдің 87%-ы жоспарлы екпелерді алмаған балалар арасында тіркелген. Бұл иммундаудың өмірлік маңызды екенін тағы бір рет дәлелдейді: тіпті бір екпені өткізіп алу аурудың таралуына әкелуі мүмкін.
Иммундау — бұл тек медициналық шара ғана емес, сонымен қатар өмірді сақтауға, балаларды қорғауға бағытталған қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің және жауапкершіліктің көрінісі.
Иммундау не үшін қажет.
Иммундау — денсаулық пен өмірді сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ол тек жеке адамға ғана емес, сонымен қатар бүкіл отбасыға, қоғамға және мемлекетке де пайда әкеледі.
Есіңізде болсын: уақтылы вакцинация — өмірді сенімді қорғау!
Әуезов ауданы СЭББ
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің бас маманы
Г.М.Абжалил
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1207037?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау