2026 жылдың 22 сәуірінде Қаратал аудандық мәслихатының тұрақты
комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
1. «Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға мемлекеттік негізде қамқорлық көрсету жұмыстарының аудан аумағындағы жағдайы туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының баяндамасы.
Баяндамашы: А. Қарымсақова – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.
2. «Бастөбе ауылдық округі әкімдігінің өзіне қарасты аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жұмыстары туралы» Бастөбе ауылдық округі әкімінің есебі.
Баяндамашы: Э. Ким – Бастөбе ауылдық округінің әкімі.
3. «Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, қоғамдық денсаулықты қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы» ҚРАШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының хабарламасы.
Баяндамашы: С.Бәзікей – ҚРАШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қаратал аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
4. «Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын жасау мақсатында Байшегір ауылдық округі әкімі аппаратының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарлары туралы» Байшегір ауылдық округі әкімінің хабарламасы.
Баяндамашы: А.Тілеуғасым – Байшегір ауылдық округінің әкімі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karatal/press/news/details/1206877?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау