Бүгін, 2026 жылдың 22 сәуірі күні Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары мен коммуналдық нысандарға бақылау жүргізетін мамандарға арналған семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және өзге де қолданыстағы санитариялық қағидалардың басты талаптары түсіндірілді. Зертханалық зерттеулер хаттамалары, қаулылардың рәсімделуі, бақылау нүктелерін белгілеу және басқа да өзекті сұрақтар талқыланды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1206767?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау