2026 жылғы 22 сәуірде Қарақия ауданы Құрық ауылында Қарақия аудандық әкімдігінің өкілі М.Жұмасат төрағалығымен, өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында үйлестіру кеңесі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үйлестіру кеңесін Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна ашты. Кеңеске денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, жауапты сала мамандары мен мүдделі мекеме өкілдері, сондай-ақ аудандық білім басқармасының мамандары, Қарақия аудандық орталық ауруханасының басшы орынбасары, Жетібай ауылдық ауруханасының басшысы, фтизиатр дәрігерлер және Қарақия ауданының бас имамы қатысты.

Кеңес барысында Қарақия аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мейірбек Шафурұлы Сүймен 2026 жылдың І тоқсанындағы ауданның эпидемиологиялық ахуалы және халықты иммундаумен қамту көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, фтизиатр дәрігер Бибигүл Сабыровна Дюсенова аудан бойынша туберкулез ауруының І тоқсанда тіркелу жағдайлары, оның себептері және алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.

Кеңес барысында қатысушылар тарапынан халықты иммундаумен қамту деңгейінің төмендеу себептері, екпеден бас тарту жағдайлары және оларды азайту жолдары, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы уақытта эпидемиологиялық ахуалды жақсарту және профилактикалық шараларды күшейту бағытында нақты ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1206817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version