22 сәуір күні онлайн форматта білім беру ұйымдарының басшыларымен бірлескен ата-аналар жиналысы өтті. Кездесудің тақырыбы – балалар жарақатының алдын алу, қазіргі қоғамдағы маңызды әрі өзекті мәселе.
Айыртау ауданы білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Сахаева Адеми Кашкынбаевна күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Өкінішке орай, күнделікті өмірде балалар түрлі қауіп-қатерлерге жиі тап болады: көшеде, мектепте, үйде және интернет кеңістігінде. Біздің ортақ міндетіміз – ата-аналар, педагогтер және құқық қорғау органдары қызметкерлері ретінде балаларды жарақаттан, жазатайым оқиғалардан және ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау үшін бар күшімізді салу.
Кездесуге аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысып, мәселені тәжірибелік тұрғыдан қарастырды, балалар жарақатының ең жиі кездесетін себептері туралы айтып, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Сөз кезегі полиция капитаны Казбекова Ж.В. мен аға лейтенант Кенес А.В.-ға берілді.
Біз тек отбасы, мектеп және құқық қорғау органдарының тығыз ынтымақтастығы арқылы ғана балалардың жеке қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыра аламыз деп сенеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1206800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау