2026 жылдың 16 сәуір айында №2 МӘС бөлімінің бас мамандары Бекбаева А.М. және Копеева А.С. « Победа» Медициналық мекеменің дәрігерлерімен семинар-кездесу өткізді.
Кездесу барысында- бастапқы тексеру кезінде еңбекке жарамсыздық парағын беру тәртібі ; санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін МӘС жолдаманы толтырудың негізділігі ; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.
Нормативтік – құқықтық актілерге сәйкес 031/у қорытындысын толтыру кезінде санаторий -курортық емдеумен қамтамасыз ету қағидалары , көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері қаралды.
Ұзақ уақыт ауырған адамдар,еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бар жұмыс істейтін адамдар еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап 4 айдан кешіктірмей немесе сол аурумен қайта ауырған жағдайда соңғы он екі айдағы еңбекке уақытша жарамсыздық 5 айдан кешіктірілмей медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау талаптарын түсіндіру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң үстемдігін сақтау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1207259?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау