2026 жылғы 22 сәуірде Абай облысының білім басқармасы басшысы Б. Ердембеков жұмыс сапарымен Жарма ауданы Шар қаласының білім беру ұйымдарын аралады.
Басқарма басшысы жұмыс сапарын «Жарма технология колледжі» КММ базасында «Ауылдағы техникалық және кәсіптік білім: жаңа көзқарас» тақырыбында өткізілп жатқан семинардан бастады. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналды.
Семинардың негізгі мақсаты – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, жастарды ауылдық жерлерде еңбек етуге ынталандыру және өңірдің кадрлық әлеуетін нығайту.
Іс-шара барысында Жарма технология колледжінде ветеринария мамандығына арналған жаңа зертхананың салтанатты ашылуы өтті. Қатысушыларға колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды.
Семинар аясында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ аумағында ағаш отырғызу шарасы өткізілді. Сондай-ақ, іс-шара кәсіби бағдар беру бағытында жалғасын тауып, Шар қаласының мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған түсіндіру және кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Семинар қорытындысы бойынша ауыл жастарын еңбекке баулу, ауылдық жерлердегі білім беру сапасын арттыру және кадр тапшылығын азайту бағытында нақты ұсынымдар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1206597?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау