Алмалы ауылдық мәдениет үйінде «Чернобыль апаты жаңғырығы» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алмалы ауылдық мәдениет үйінде «Чернобыль апаты жаңғырығы» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Байгунысов Алмас Ажарханұлы қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі мен еңбегін ерекше атап өтіп, оларға құрмет көрсетті.
Іс-шара барысында тақырыпқа байланысты сурет көрмесі ұсынылып, апат салдарын жоюға үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, шараға мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, тарихи оқиғаның маңыздылығы кеңінен насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-almaly/press/news/details/1207019?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version