АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН НӘТИЖЕ – БАСТЫ НАЗАРДА»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімң аппаратының басшысы, бөлім және мекеме жетекшілері, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне енгізілген ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Алдымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов 2026 жылдың І тоқсаны бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалу барысы жөнінде баяндады. Ол есепті кезеңдегі негізгі көрсеткіштерге тоқталып, кейбір бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Екінші мәселе- аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе білім беру саласына арналды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айсұлу Қалдықараева оқу жылының аяқталуы кезеңіндегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы және санитарлық талаптардың сақталуы жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, орындаушылық тәртіптің сақталуы мәселесі қаралып, бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінің бас инспекторы Жасұлан Созақбай есеп берді.
– Халық игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстар нақты нәтижеге бағытталуы тиіс. Әрбір басшы өз саласына жауапкершілікпен қарап, белгіленген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауы қажет. Сылтауға жол жоқ, – деп Арман Абдуллаев сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, жұмыс сапасын арттыруды талап етті.
Мәжіліс қорытындысы бойынша барлық тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалу мерзімі белгіленді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1207453?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version