21 сәуір күні облыстық жастар ресурстық орталығы мен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай екінші жыл қатарынан «Астана» саябағында «Neo kitap: Жаңа буын. Жаңа көзқарас» атты кітап фестивалі ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында өткен шарада кітапсүйер қауым бір алаңда тоғысты. Қатысушыларға арналған оқырмандар аймағы, кітап жәрмеңкесі келушілердің қызығушылығын арттырды.
Фестиваль барысында жас ақындар өлең оқып, әсем әуендер шырқалып, кештің атмосферасы ерекше әсерге бөленді. Сонымен қатар, ақтөбелік жас жазушы Әлихан Жақсылық «Сені іздедім» кітабының таныстырылымын өткізді.
Шара жастарды кітап оқуға ынталандырып, рухани дамуға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1207078?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау