Басқарма басшысы жұмыс сапары аясында Абай облысының Көкпекті ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарының ұйымдастырылу барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 сәуірде басқарма басшысы жұмыс сапары аясында Абай облысының Көкпекті ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарының ұйымдастырылу барысымен танысты.
Аталған іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы 32 ұйымның мамандары қатысып, аудан мектептерінің бітіруші түлектері мен олардың ата-аналарына кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында талапкерлерге еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, оқу орындарына түсу шарттары, білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері жан-жақты таныстырылды.
Ата-аналар қауымына балалардың кәсіби бағдарын дұрыс қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, болашақ мамандықты таңдаудағы негізгі бағыттар айқындалды.
Жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары жастардың саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қызығушылықты арттыруға бағытталды. Бұл шаралар өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға және еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады.

Сонымен қатар, Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Амангелдіұлы Ердембековтің және Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектебі жас ұстаздарының қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті.

Іс-шара барысында мектеп аумағында шырша көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән берілді. Акцияның негізгі мақсаты – табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпаққа үлгі көрсету.

Шараға қатысушылар бірлесіп еңбек етіп, мектеп ауласын көркейтуге өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1206595?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version