Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Джиу-джитсудан Ұлттық құрама спортшысы Батыр Теңізбай -62 кг салмақта 3-орын алды. Қола жүлдеге таласта 2 отандасымыз – Батыр мен Мансұр Хабибулла күш сынасты. Жекпе-жекте алғашқысы басым түсті.
Айта кетейік, бүгін тағы Жібек Құлымбетова (-52 кг) және Ажар Салықова (-63 кг) қолаға таласады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1206936?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау