Цифрлық сауаттылықты арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған аппарат мамандарымен профилактикалық жұмыс.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызыләскер ауылдық округінің әкімі Жанна Булатовна Абильмажинова аппарат мамандарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс жүргізді.

Кездесу барысында интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері қарастырылды. Атап айтқанда, жалған сілтемелер жіберу, банк қызметкерлері мен мемлекеттік орган өкілдері ретінде хабарласу, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерін заңсыз иемдену жағдайлары талқыланды.

Округ әкімі қызметкерлерді интернеттегі жаңа қауіп-қатерлер туралы тұрақты түрде хабардар етіп отырудың және цифрлық технологияларды пайдалану кезінде сақтық танытудың маңыздылығын атап өтті. Мамандарға жеке деректерді қорғау және күмәнді хабарламалар мен қоңыраулар түскен жағдайда әрекет ету бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-kyzylasker/press/news/details/1206788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version