Дала және орман өрттерінің алдын алу-ортақ міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері               А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағында дала және орман өрттерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға шамамен 20-ға жуық маман жұмылдырылып, 80-нен астам қала тұрғыны қамтылды. Қатысушыларға 100-ге жуық ақпараттық жадынама таратылып, табиғаттағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Мамандардың айтуынша, көп жағдайда өрттің себебі – қарапайым немқұрайлылық. Сол себепті іс-шара барысында табиғат аясында демалу кезіндегі өрт қауіпсіздігі, отты дұрыс пайдалану, құрғақ шөп пен қоқысты өртеудің қауіптілігі және желді ауа райындағы қауіп факторлары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Іс-шара аясында өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстары да жүргізілді. Шамамен 2 шақырым аумақта минералды жолақтар жасалып, 3 гектарға жуық аумақта тазалық жұмыстары атқарылды. Бұл шаралар оттың таралу қаупін азайтуға және аумақтың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы өңірде 2 орман өрті тіркелген.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері атап өткендей:
«Бір ұшқын – үлкен апаттың бастауы болуы мүмкін. Сондықтан әрбір азаматтың жауапкершілігі – ортақ қауіпсіздіктің кепілі».

Мұндай профилактикалық іс-шаралар табиғи өрттердің алдын алуға, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Табиғатты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1207441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version