Елордалық оқушылар Ресейде өткен олимпиадада үздіктердің қатарынан көрінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында химия пәнінен 60-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы (IMChO-2026) өтті. Аталған беделді зияткерлік додаға Қазақстан құрамасы қатысып, үздіктердің қатарынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық беделді дода қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті:
• Меңдіғали Қалдыбай (Spectrum International School) – күміс медаль;
• Әбдіжан Ибраимов (NURORDA мектеп-лицейі) – қола медаль.

Менделеев олимпиадасы – әлемдегі химия пәні бойынша ең күрделі әрі беделді олимпиадалардың бірі, түрлі елдердің ең мықты оқушыларының басын қосатын зияткерлік алаң.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1207184?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version