Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Алиманов басым бағыттар бойынша жиналыс өткізіп, жұмыс жүргізу бойынша тапсырма берді.
Кедесуді бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Бектай ашып еңбеке қатынастарына байланысты, еңбек шарттарын жүйеге енгізу, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат берді.
Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС)
Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жоспар бойынша жыл соңына дейін 2150, оның ішінде сәуір айында 239 жұмыс берушінің сақтандыру шартын түзіп, өз жұмыскерлерін сақтандыруы белгіленген.
Сәуір айында 299 жұмыс беруші өз жұмыскерлерін сақтандырған.
Орындалды.
2.Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)
ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.
Министрлік бекіткен жоспар бойынша жыл соңына дейін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізілген еңбек шарттарының санын 191 994-ке, сәуір айында 186 272-ге жеткізу белгіленген.
Сәуір айында жүйеге енгізілген еңбек шарттарының саны 187 652-ні құрап отыр.
Орындалды.
Дегенмен, төмендегі көрсеткіштер бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде қызыл аймақтағы өңірлер қатарына еніп отыр. Атап айтқанда:
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі ақпаратқа сәйкес міндетті зейнетақы жарналары аударылған жұмыскерлердің саны мен еңбек шарты түзілген жұмыскерлердің саны аралығында сәйкессіздіктер бар. Яғни, еңбек шарттары түзілмеген жұмыскерлер бар екендігі анықталған.
Зейнетақы жарналары аударған еңбек шартын түзбеген жұмыс берушілердің саны 2 982, сәуір айында жою жоспары 299, сәйкестендіргені 155-ті құрап отыр.
Орындалуы 52,0%.
Сонымен қатар, еңбек шарттары түзілген, алайда зейнетақы жарналары аударылмаған жұмыскерлер санындағы сәйкессіздіктері бар жұмыс берушілердің саны 12 567, сәуір айындағы жою жоспары 3 519, сәйкестендіргені 816-ны құрап отыр.
Орындалуы 23,2%.
Осы жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша жұмысты жандандырып, сәйкессіздіктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1207028?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау