Халықаралық тасымалдаушыларға жаңа талаптар: кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көліктерінің болуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті салалық қауымдастықтар және бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиын барысында саланың өзекті және проблемалық мәселелері қаралды, оның ішінде мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінен өту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ реттеушілік әсерге талдау жүргізу аясында халықаралық тасымалдарға қатысу ережелеріне ұсынылатын өзгерістер қаралды.

Нормативтік базаны жаңарту заманауи жағдайларға бейімделуге және тасымалдаушылар қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Негізгі жаңалық – тасымалдаушыда кемінде 50% өзіне тиесілі жүк көліктерінің болуы тиіс деген талаптың енгізілуі.

Сонымен қатар процестерді цифрландыру, рұқсаттарды есепке алу және тарату жүйесін жетілдіру шаралары көзделген, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәсілдерді қолдады, сондай-ақ реформаларды іске асыру кезінде одан әрі диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1206606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version