КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ІРІ ЖИЫН БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданында оқушылардың оқу-жаттығу дала жиыны салтанатты түрде ашылды. Абай ауылындағы орталық спорт алаңында өткен рәсімге аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары, педагогтар және жауапты сала өкілдері қатысты.
Салтанатты шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, қатысушыларға ерекше рух сыйлады. Жиында сөз алған Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев жастарды жігерлендіріп, мұндай жиындардың маңызына тоқталды.
— Бұл – сіздердің ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге, тәртіп пен төзімділікке үйренетін маңызды кезең. Болашақ Отан қорғаушыларына сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы.
Рәсім барысында патриоттық әндер орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, жиынның жоспары таныстырылып, алдағы күндердің бағдарламасы түсіндірілді.
Іс-шараның мазмұнды бөлігі ретінде Келес-Сарыағаш шекара басқармасы офицерлері мен сарбаздары қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетіп, қызметтік иттердің қатысуымен арнайы көрініс ұсынды. Жиын соңында роталар арасында «ОДЖ» спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынады.
Айта кетейік, Биылғы дала жиыны 20–24 сәуір аралығында мектеп базаларында ұйымдастырылып отыр. Жалпы 2338 оқушы қамтылған. Оның ішінде 1125-і ұл, 1213-і қыз бала.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1206925?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version