КЕНТАУДА SOS ЖЕДЕЛ ШАҚЫРУ БАТЫРМАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Кентау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарға 10 дана SOS жедел шақыру батырмалары орнатылды.
Аталған құрылғылар төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Батырма басылған сәтте дабыл сигналы бірден «102» қызметіне түсіп, полиция қызметкерлерімен тікелей байланыс орнатылады. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарының оқиға орнына шұғыл жетуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, орнатылған SOS батырмалары заманауи бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жоба аясында SOS батырмалары келесі орындарға орналастырылды:
* С. Қожанов атындағы саябақ – 2 дана
* Д. Қонаев аллеясы – 2 дана
* «Салиха ана» сауда орталығы маңы
* Жастар саябағы
* «Көк төбе» демалыс аймағы
* Ясауи аллеясы
* Хантағы және Қарнақ ауылдарының орталықтары – 1 данадан орналастырылды.
Аталған бастама – қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1206641?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау