Кезекті ХХХV сессия өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті ХХХV сессиясы өтті.

Сессияны мәслихат төрағасы Б. Нарымбетов ашып, төрағалық етті. Жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары А. Кәрімов, мәслихат депутаттары, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма және ұйым басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысы тікелей онлайн трансляция арқылы көрсетілді.

https://www.youtube.com/watch?v=Z9YNqdVDWyY

Күн тәртібіне 12 мәселе енгізіліп, қаланың дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетті нақтыланды.  

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және ветеринария, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, цифрландыру, тұрғын үй басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттардың тізбесі толықтырылды. Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізіліп, төлемдерді тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы бірқатар ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамы бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1207273?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version