Кирилл Цуканов пен Олег Носков Каирде жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанып, Қазақстанды көш басына шығарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл күндері Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Қазақстан қоржынына 2 алтын жүлде түсті.

Әуелі тапаншамен 25 метрден оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Кирилл Цуканов топ жарды. Отандасымыз финалда 581 ұпай иеленді.

Жүлдегерлер, тапанша 25 м:
1. Кирилл Цуканов (Қазақстан)
2. Радж Чандра (Үндістан) 580 ұпай
3. Абхинав Дешвал (Үндістан) 578 ұпай
Тағы бір отандасымыз Рамазан Ынтықбай бұл сында 9-сатыдан көрінді.

Ал винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Олег Носков қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Оның еншісінде 616.3 ұпай.

Жүлдегерлер, винтовка 50 м:
1. Олег Носков (Қазақстан)
2. Рохит Каньян (Үндістан) 615.8 ұпай
3. Арсени Ливанцов (Бейтарап атлет, Беларусь) 615.3 ұпай

Мысырдағы әлем кубогы 27 сәуірде аяқталады. Оған 25 мемлекеттен 300-ге жуық мерген жиналды.
Қазір жалпыкомандалық есепте Қазақстан 2 алтынмен 1-орынға көтерілді. Одан кейін Үндістан (1 алтын, 3 күміс, 2 қола) мен Франция келе жатыр (1 алтын, 1 қола).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1206575?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version