Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 38-5 «2026-2028 жылдарға арналған Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Көкпекті аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-5 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қ. Аухадиев атындағы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 – қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 146 107,0 мың теңге:
салықтық түсімдер – 13 163,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 220,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 132 724,0 мың теңге;
2) шығындар – 148 289,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – – 2 182,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 182,7 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары –2 182,7 мың теңге.»;
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti-aukhadiev/press/news/details/1207287?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау