2026 жылғы 21 сәуірде Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары аудан прокуратурасымен бірлесіп, көктемгі егіс және далалық жұмыстар кезеңінің басталуына байланысты шаруа қожалықтары арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара ашық алаңда ауыл шаруашылығы техникасының алдында өткізіліп, далалық жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптары, техниканы қауіпсіз пайдалану және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері көрнекі түрде түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстарына ауыл шаруашылығы агротехникалық колледжінің жоғары курс студенттері де қатысып, оларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1207047?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау