Көне Тараздың жаңа тынысы: руханият пен қолөнер қайта жаңғырмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таразда халықаралық қолөнершілер фестиваліне арналған брифинг өтті.

Тараз қаласында «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестиваліне арналған брифинг өтті. Іс-шара «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Шерхан Мұртаза» атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ұйымдастырылды.

Брифинг барысында алдағы фестивальдің маңызы, оның мәдени және туристік әлеуетті арттырудағы рөлі кеңінен талқыланды. Спикерлер қолөнер саласын дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне тоқталды.

Жиынға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гулдана Жауынбекова, Дүниежүзілік қолөнершілер ұйымының мүшесі, «Қазақстан этнодизайнерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Салтанат Жанарова, Алматы қолөнершілер палатасының президенті Дамели Жанашева, сондай-ақ Оқушылар сарайының директоры, академик Индира Икапова қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар фестивальдің өңір үшін маңызын атап өтіп, мұндай шаралардың қолөнер саласын дамытуға серпін беретінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1207255?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version