Бүгін Арасан ауылдық округі бойынша ауылымызда мал ұрлығының алдын алу мақсатында «Мал ұрлығына тосқауыл» пилоттық жоба аясында мониторинг топпен профилактикалық шара ұйымдастырылды. Шара барысында малды қараусыз қалдырмау, таңбалау, тіркеу, жолдың бойына жаймау,табын шығарып қайырып бағу, жарық шағылыстыратын ленталау жұмысын жүргізу, өлекселерді арнайы орынға апарып тастау жұмыстарын жүргізу және күдікті жағдайларда дер кезінде хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Әрбір тұрғын өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Бірлік пен сақтық – қауіпсіздіктің кепілі.
Осындай шаралар ауыл тыныштығын сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алуға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1206869?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау