Сессия қорытындысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы, Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның денсаулық сақтау министрлерінің қатысуымен бірлескен құжатқа қол қойылды.
Құжат өңірдегі экологиялық қауіптерді азайтуға және денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуға бағытталған.
«Экология – арнайы салалық мәселе емес, бұл – даму идеологиясы мен өмір салты. Оның негізінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік, әділ экологиялық көшу және халықаралық ынтымақтастықтың біріктіруші рөлі жатыр. «Таза Қазақстан» қозғалысы жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырады – бұл жеке жауапкершілік, табиғатқа ұқыпты қарау және азаматтық белсенділік мәдениеті», — деп форум қатысушыларына жолдауында Аида Балаева атап өтті.
Арал маңы өңіріндегі экологиялық дағдарыс халық денсаулығына ұзақ мерзімді әсерін тигізуде. Оның ішінде тыныс алу және жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуі, әсіресе әйелдер мен балалар арасында анемияның жоғары таралуы, сондай-ақ шаңды-тұзды дауылдардың ықпалы байқалады.
#RESАстана #Экология #Денсаулықсақтау #Аралөңірі
#ТазаҚазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1206842?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау