Маңғыстау құрамасының жеңісі: ұлттық құрамаға төрт жолдама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         2026 жылғы 20–22 сәуір аралығында Астана қаласындағы «Құтқарушы» спорт кешенінде «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ұйымдастырған өрт-құтқару спорты бойынша II турнир өтті. Жарысқа еліміздің ең мықты спортшылары – ерлер арасында 60, әйелдер арасында 40 қатысушы бақ сынады. Сайыс екі кезең бойынша өткізілді.

         Жарыстың алғашқы күні шабуыл сатысымен  көтерілу дисциплинасы бойынша облысымыздың спортшысы Жұмақова Сәнім 7,32 секунд нәтижемен 2-орынды иеленді. Ал 100 метрлік кедергілер жүгірісінде Реджеметова Ситора 16,94 секунд көрсеткішпен 2-орынға ие болды.

        Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әйелдер құрамасынан төрт спортшы – Жұмақова Сәнім, Мусина Сабира, Май Мария және Реджеметова Ситора – Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды.

                               Маңғыстау облысы ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1207060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version