2026 жылдың 22 сәуірінде Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған кеңейтілген жиын өткізілді. Жиынға Шымкент қаласының әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Акишев Мұратжан Омарбекұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас мамандары Дулатова Гүлбақыт Сейсенбекқызы, Мамуджанова Махаббат Мамуджановна, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының Кабинет меңгерушісі Ахметова Әлия Әбішқызы, теолог Аманкелді Нұрдәулет Бақытұлы, заңгер Кесебаева Айжан Өмірзаққызы, сондай-ақ аппарат қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау және лудоманияның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, Мемлекеттік басқару академиясындағы оқу үдерісі, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет пен деструктивті діни ағымдардың сәйкессіздігі секілді маңызды мәселелер қаралды. Жиын барысында мемлекеттік қызметтегі адалдық, ашықтық және жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу бағытында нақты ұсыныстар айтылып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1207056?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау