Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 сәуірде сағат 15.00-де «Жастар Сарайы» мекен-жайы бойынша: Қостанай қ., ш/а. Юбилейный, 56 «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және еңбек интеграциясын іске асыруға жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға, кәсіптік оқытуға және қайта оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын нығайту.

Іс-шараға 200-ге жуық мүгедек адам қатысты, және басқа жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер («Kia Qazagstan» ЖШС, «KamLitKZ» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «12 ай» ЖШС, «БАРЫС KST» ЖШС, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай «Халықаралық әуежайы» АҚ), білім беру ұйымдары, оқу орталықтары .

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1206588?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version