НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗАҚТЫҢ ӘН ЖӘНЕ ТЕРМЕ ӨНЕРІН НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәдениет саласының өкілі, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген әнші, термеші Татьяна Бурмистровамен кездесті.
Кездесу барысында ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі ән мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері талқыланды. Әсіресе, қазақтың төл мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын терме мен дәстүрлі ән жанрын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Татьяна Бурмистрова – ұзақ жылдар бойы қазақтың дәстүрлі ән өнерін дәріптеп келе жатқан өнер иесі. Ол тек орындаушы ретінде ғана емес, ұлттық мәдениеттің жанашыры ретінде де танылған. Биыл әншінің өнер жолында жүргеніне 50 жыл толып отыр. Осы мерейтой аясында алдағы шығармашылық жоспарлары мен мәдени іс-шаралар жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылды.
Облыс әкімі өңірде мәдениетті дамытуға, оның ішінде дәстүрлі өнерді қолдауға басымдық берілетінін атап өтті. Кездесу соңында тараптар ұлттық өнерді өркендету жолында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1207159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version