«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында 21 cәуір күні қаламыздың орталығында орналасқан «Астана» саябағында Облыстық жастар ресурстық орталығы мен Астана ауданы әкімдігі бірлесіп ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізді.
Белсенді жастар саябақтағы орындықтарды әктеп, аумақты тазалап, зақым келген мүліктерге қалпына келтіру және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп, кірпіштерін қалап шықты.
Аталған игі бастама арқылы жастар қоғамдық орынды жақсартуға өз үлестерін қосып қана қоймай, өзгелерге де үлгі көрсетті. Игі бастамаға қолдау білдірген Ақтөбе құрылыс монтаж колледжінің басшылығы мен студенттеріне алғысымыз шексіз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1206807?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау