Оқу-ағарту министрлігі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмысын күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Оқу-ағарту министрлігінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесу барысында қалдықтарды бөлек жинау мен кәдеге жаратуды ұйымдастыру шаралары қаралды. Іс-шараға Министрліктің аппарат басшысы, комитет төрағалары, департамент директорлары және ведомство қызметкерлері қатысты.

Бастама аясында Министрлік ғимаратында қағаз, пластик және қалдықтардың басқа да түрлерін бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылады. Сонымен қатар, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін қызметкерлердің күнделікті дағдысына айналдыру жоспарлануда.

Бұл шараларды іске асыру ұжымның экологиялық жауапкершілігін арттыруға және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1206747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version