Сіздерді кәсіби мереке – Кітапханашы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітапханашы – тек кітап сақтаушы ғана емес, білімнің жарығын таратушы, даналықтың қазынасын қорғаушы, ұрпаққа рухани азық сыйлаушы. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, шексіз ізденістеріңіз бен оқу мәдениетін насихаттаудағы үлестеріңіз қоғам үшін баға жетпес қазына. Әрбір оқырманның жүрегінде із қалдыратын, жаңа әлемдерге жол ашатын шын шеберлерсіздер.
Кітаптарды жүйелеп, оқырманға бағыт – бағдар беріп, олардың сұранысын қанағаттандыру – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Әрбір оқырманның жүрегіне жол тауып, оларды кітапқа баулу – нағыз жанашырлық пен сүйіспеншіліктің көрінісі.
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен береке, шабыт, маңызды және игі істеріңізде табыс тілеймін!
Аудан әкімі Р.Курмамбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1206887?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау