ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 сәуір күні Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында республикалық ағаш егу және тазалық акциясы өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсарту, тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қаланың жайлы ортасын дамыту.

Акция А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағында ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында:
– ағаш отырғызу,
– аумақты тазалау,
– ағаштардың қураған бұталарын кесу және ретке келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Шымкент қаласының тұрғындарын, кәсіпкерлерді, мекемелер мен ұйымдардың ұжымдарын, сондай-ақ белсенді жастарды аталған акцияға қолдау көрсетіп, белсенді қатысуға шақырамыз!

Бірге жасыл, таза әрі көрікті қаланы қалыптастырайық!
Бұл – баршамызға ортақ іс!

#ТазаҚазақстан #ТазаҚала #ЖасылҚала #Шымкент #Сенбілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1207153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version