САРЫАҒАШ: НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық полиция басқармасының өкілдері, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыста нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарыағаш аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Айсұлу Қалдықараева баяндама жасады.
Баяндамаларда есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, заңсыз айналымға қарсы күрес, сондай-ақ жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту бағытында жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар баяндалды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жандандыру, жасөспірімдер мен жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды. Құқық қорғау органдары мен мүдделі мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және есірткі қылмыстарының жолын кесу – ауданның негізгі басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1207458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version