САРЫАҒАШ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өткізілді. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан прокуроры Мақсат Мошқалов, комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарының атқарып отырған жұмыстары қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Саят Бекмұратов, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Оразбаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Айсұлу Қалдықараева баяндама жасады.
Комиссия төрағасы көтерілген мәселелер бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1207455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version