ШҚО-да мектеп қауіпсіздігі полицияның ерекше бақылауына алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да мектеп қауіпсіздігі полицияның ерекше бақылауына алынды

Шығыс Қазақстан облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл жұмыстар оқушылар үшін барынша қауіпсіз орта қалыптастыруға және кез келген құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Өңірде террористік тұрғыдан осал нысандардың тізбесі айқындалған. Оған адамдар көп жиналатын 675 нысан енсе, соның ішінде 240-ы — білім беру мекемелері.

Қазіргі уақытта мектептерде, медициналық колледждерде және өзге де оқу орындарында антитеррористік қорғалу деңгейіне қатысты тексерулер жүргізілуде.

Тексеру барысында келесі мәселелерге баса назар аударылады:

  • бейнебақылау жүйелерінің ақаусыздығы және олардың Жедел басқару орталықтарына интеграциялануы;
  • дабыл түймелерінің болуы және жұмыс істеуі;
  • жеке күзет ұйымдары жұмысының сапасы мен персоналдың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығы;
  • білім беру нысандарының басшылығымен және қызметкерлерімен профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Балалардың қауіпсіздігі — басты басымдық. Бейнебақылау жүйелеріне бақылау күшейтіліп, патрульдік полиция бағыттары білім беру мекемелеріне барынша жақындатылды.

ШҚО Полиция департаменті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен өскелең ұрпақты қорғау негізгі міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Өңірдегі барлық білім беру нысандарын кешенді тексеру белгіленген мерзімде аяқталады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1206662?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version