Шымкент қаласы Полиция департаментінің музейінде Д. Қонаев атындағы мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Экскурсия барысында оқушылар ішкі істер органдарының қызметімен, тарихымен және Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Іс-шараға жалпы 70-ке жуық оқушы қатысты.

Аталған бастама жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіптілік, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1207263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version