Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025–2026 жылдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі есебі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025–2026 жылдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі есебі.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Бөлім 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 3 түрін көрсетті: «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің бөлінуін және бөлінбеуін айқындау», «Бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру».

2025 жылы бөліммен барлығы 232 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Е-лицензиялау» МДБ – 232 мемлекеттік қызмет:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 231 қызмет.

«Бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметі – 1 қызмет.

Бөлім көрсететін барлық қызметтер тегін.

Халықты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша ақпараттандыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпараттар (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атаулары және оларға жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері) бар стендтер орналастырылған. Осындай ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Стендтердегі және бөлімнің сайтындағы ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отырады.

2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 1 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту 100-ден астам адамды құрады.

Барлық мемлекеттік қызметтер 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына және бекітілген қағидаларға сәйкес көрсетіледі.

2026 жылдың 4 айы ішінде бөліммен 50 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

«Е-лицензиялау» МДБ – 50 мемлекеттік қызмет:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» – 50 қызмет.

2025 жылғы 11 қыркүйектен 24 қыркүйекке дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің технологиялар басқармасы» КММ 2024 жылғы 10 қыркүйектен 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейінгі кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен уақтылығын одан әрі арттыру мәселелері тұрақты бақылауда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру мақсатында, ағымдағы жылы жұмыс мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетуді ұлғайтуға, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды насихаттау бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізуге, халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, оқыту семинарларын ұйымдастыруға бағытталатын болады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл және 2026 жылдың 4 айы ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Бөлім басшысы                                                                    Е. Губа

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/esil-ozo/press/news/details/1207351?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version