Успен ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Таза аула» экологиялық акциясы өтті.
Бұл игі әрі маңызды іске ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, сондай-ақ ауданның белсенді тұрғындары атсалысып, бәрі бірге көшелерге шығып, елді мекендерді тазалап, ауылдарымызды көркейтіп, жайлы әрі әсем етуге үлес қосты.
Акция барысында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аумақтар тазартылып, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтірілді.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, адамдарды біріктіріп, туған жерге деген жанашырлық пен тазалық мәдениетін қалыптастырады.
Іс-шараға қатысқан әрбір азаматқа алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uspenka/press/news/details/1206918?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау