Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарат ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған екі айлық сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және белсенді жастар бірлесе отырып, ауыл аумағын тазалау және көркейту жұмыстарына белсенді қатысуда. Сенбілік барысында ауыл көшелері, мекемелердің маңайы, қоғамдық орындар және ауыл зиратының аумағы тазартылып, ретке келтірілді. Қоқыстар жиналып, айнала абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Ортақ іске атсалысып, ауыл тазалығына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Таза ауыл – тұрғындар денсаулығы мен жайлы өмірінің кепілі. орысша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-sarat/press/news/details/1206764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version