«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есеп

 

Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер.

«Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар көрсететін 6 қызмет енгізілген мемлекеттік қызметтер тізілімі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген.

 

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылы келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0
  2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 3, дәлелді бас тарту -3
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу -14, дәлелді бас тарту – 6
  4. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 1
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-0,
  6. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту-0.

 «Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсететін барлық қызметтерге қағидалар мен стандарттар бекітілді.

 

3)Талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 

2025 жылға арналған талдау қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі аппаратымен «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде 6 дәлелді бас тарту болды.

 

2.Қызмет алушылармен жұмыс.

Государственные услуги предоставляются услугополучателям бесплатно, в электронном виде.

На все услуги, оказываемые в ГУ «Аппарат акима Тогузакского сельского округа» утверждены правила и стандарты.

3) Информация о наиболее востребованных государственных услугах.

 

По результатам проведенного анализа за 2025 год аппаратом акима сельского округа  предоставлено  14 государственных услуг «Приобретение прав на земельные участки, которые находятся в государственной собственности, не требующее проведения торгов (конкурсов, аукционов)».

В 2025 году было 6 мотивированных отказа в оказании государственных услуг.

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Тоғызақ ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен ақпараттық-анықтамалық материалдармен стенд орнатылды;

        Қарабалық ауданында “Азаматтарға арналған үкімет “мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді, онда “Connection Point” өзіне – өзі қызмет көрсету секторы бар, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе кеңесші қызметкердің көмегімен ала алады.

 

2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларына жария талқылаулар өткізу облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретіне кірмейді.

 

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

 

Қарабалық ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша үйлестіру және жалпы әдістемелік басшылық, ай сайынғы мониторинг және бақылау, сондай-ақ жоғары тұрған органдармен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілген.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде WhatsApp мессенджері арқылы, сондай-ақ әкімнің әлеуметтік желілердегі парақшаларында Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Электрондық үкімет» порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бөлігінде мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) бейтараптық;

4) шынайылық;

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру үшін жер бойынша Мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді, бұл туралы ауылдық округ тұрғындары хабардар етілді. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтер азаматтардың оларды алуын жеңілдетеді.

Тұрғындар арасында ПЭП-те жұмыс істеу үшін ЭЦҚ алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Халыққа ЭЦП алуға ыңғайлы болу үшін, ҚКО-ға жоспардан тыс үш рет бару ұйымдастырылды.

Ауылдық округ әкімдігімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының деңгейін одан әрі арттыру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, орынды деп санаймыз:

– Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізу;

– цифрлық сауаттылықты, көрсетілетін қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру.

Тиімділікті бағалау критерийлерінің бірі уақтылы және сапалы қызмет көрсету, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.

 

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

 

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жүргізілген жоқ.

 

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

 

2025 жылы бір маман мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

 

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болған жоқ.

 

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

 

1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 

Ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

2)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

 

Ауылдық округ әкімінің аппаратында ай сайын ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша есеп қалыптастырылады, кейіннен оны Қарабалық ауданы әкімінің аппаратына ұсынады. 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімдерді бұзу жоқ.

 

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

 

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау шаралары жүргізілген жоқ.

 

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

 

2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.

 

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

 

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында мақсатты жұмыс жүргізілуде.

– мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

– халықты стендтер, WhatsApp мессенджері, БАҚ және ресми интернет-ресурстар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету, мамандармен семинарлар өткізу;

– көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік корпорация, «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-togyzak/press/news/details/1207006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version