Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті жоспарлы отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті жоспарлы отырысы өтті. Жиынды Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Арыстанов Сүлеймен Тұрсанбайұлы ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Жиын барысында қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, білім беру саласының сапасын жетілдіру және жергілікті басқару тиімділігін күшейтуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Түркістан қаласындағы балабақшалардың жалпы жағдайы бойынша Қоғамдық кеңестің тиісті комиссия мүшелерінің жүргізген аралау және танысу жұмыстарының қорытындысы болды. Комиссия мүшелері қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын аралап, олардың материалдық-техникалық базасын, балалардың қауіпсіздігін, тамақтану сапасын, санитарлық жағдайын, сондай-ақ тәрбие мен білім беру үдерісінің ұйымдастырылу деңгейін зерделеді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған мәселелер мен ұсыныстар кеңес мүшелері тарапынан ортаға салынды.
Аталған мәселе аясында жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Алипов Мадияр Бақтыбайұлы, Түркістан қаласының білім бөлімінің басшысы және бірқатар балабақша меңгерушілері қатысып, өз мекемелеріндегі жұмыс барысы, қол жеткізілген нәтижелер мен кездесіп отырған өзекті мәселелер жөнінде есептік ақпарат ұсынды. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан нақты сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, саладағы мәселелерді шешудің тиімді жолдары талқыланды.
Сонымен қатар отырыс барысында қосымша маңызды мәселелер де қаралды:
Түркістан қаласының жергілікті бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есеп
Түркістан қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы шешімге өзгеріс енгізу мәселесі
Кеңес мүшелері ұсынылған ақпараттарды жан-жақты талқылай отырып, қала тұрғындарының мүддесін ескеруге бағытталған бірқатар ұсыныстар мен пікірлер білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1206905?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version